бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту

Борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту
ашық дереккөзі
Борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту
  Жамбыл және Шу аудандық көлік прокуратураларының  ұйымдастыруымен  «Борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуға қатысты» Zoom бағдарламасы арқылы онлайн режимде дөңгелек үстел өтті. Оған Шу аудандық сотының судьясы, көлік прокуратуралары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, Жамбыл және Шу аймағы бойынша ЖПБ-ң, пробация және жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Бас прокуратураның бастамасы бойынша  «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» қаулыға өзгеріс енгені,  тұлғаларды жауапкершілікке тарту, атқарушылық құжаттарды қабылдаудан негізсіз бас тартуды болдырмау, соттарға жіберілетін материалдардың толықтығы туралы өзекті жайттар талқыланды. Қатысушылар заңнаманың кейбір нормаларын талқылап, судьяның түсіндірмелерін алды. Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыспен қамту орталығының өңірдегі бос орындар жәрмеңкесін өткізіп, борышкерлерді жұмыссыздар есебіне қою жұмысын одан әрі жандандыру мәселесін көтерді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар