Жаңалықтар

БОС ҒИМАРАТТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ – КҮН ТАЛАБЫ

БОС ҒИМАРАТТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ – КҮН ТАЛАБЫ

Бүгінгі таңда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтейтін адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне қоғамда ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта түзеу мекемелерінде өндіріс орындарын ашу үшін кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу түзету мекемелерінің басты міндетінің бірі болып отыр. Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері кезекті мәрте кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – сотталғандарды мейлінше көбірек ақылы жұмысқа тарту, олардың қос тарапқа да пайдалы іспен айналысуына жағдай жасау. Кездесу барысында түзеу мекемесінің өндірістік аумағында орналасқан «Еңбек-Тараз» РМК кәсіпорнының теңгеріміндегі бос ғимараттарды жеке кәсіпкерлерге беру жағы қарастырылды. Жиынға қатысқан аталған кәсіпорын директорының міндетін атқарушы Мәдіби Сұлтанов, департаменттің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет подполковнигі Әймен Тайтелиева мен жеке кәсіпкерлер және мекеме қызметкерлері аталған мәселені жан-жақты саралап, тиімді тұстарын талқыға салды.  Бос тұрған ғимаратты кәдеге жарату – бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі.