Босния мен Хорватия шекарасында жағдай қиын
Босния мен Хорватия шекарасындағы елді мекендерде қалып қойған Еуропаның батысын бетке алған мигранттардың жағдайы қиын. Кішкентай балалары бар ондаған отбасы – Таяу Шығыс, Африка, Азия елдерінің азаматтары. Енді олар бұдан артық шыдай алмайтынын, өздеріне көмек көрсетілуін сұрайды.
Мигранттар тұрып жатқан Босанска Бойна ауылы 1992-95 жылдардағы Босниядағы соғыс кезінде босап қалған. Ондағы халық көшіп кеткен үйлер бүгінде құлап та үлгерген. Еуропаға беттеген мигранттар бұл жерді пана етіп біраз өмір сүрді. Алайда дәрігердің, басқа да адам өміріне қажет мамандардың болмауы бүгінде жағдайдың ушығуына әкелген.
Ауыл тұрғындарының көбі ауруға шалдыққан. Далада ұйықтап, санитарлық талапқа сай келмейтін жерде өмір сүру ақыры өз салдарын танытып жатыр.
Босния мен Герцеговина үкіметі оларға арнайы лагерьлерге көшуді ұсынған және көшпейінше гуманитарлық көмек алмайтындарын ескерткен. Ресми лагерьлерде мыңдаған адам тұрып жатқан көрінеді. Олардың көбі Босния арқылы Еуропа одағының мүшесі саналатын Хорватияға жетіп, одан әрі қарай басқа елдерге қоныс аударуды көздейді.
Ал Хорватия әскері болса, сақ. Заңсыз өтуге тырысқан босқындарды тұтқындап, кері қайтарып жатыр. Яғни шекарадан өту әзірге мүмкін емес. Мигранттар тіпті қарсыласқандарға күш көрсетілетінін айтады. Мәселен, басылымға сұхбат берген Ауғанстан азаматы Арзо Аземи кейінгі екі айда он шақты рет шекараны кесіп өтпек болғанын, алайда ешбір талпынысы сәтті аяқталмағанын айтты. Оның әйелі Хорватия әскері күйеуінің ақшасы мен жанында болған бағалы заттарын алып қалғанын хабарлады. Дегенмен үкімет бұған қатысты шара қолдануға асығар емес.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз