Жаңалықтар

Бостандыққа шықты

Бостандыққа шықты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бір азамат босап шықты. Сот үкімімен ҚР ҚАК-ң 188 бабының 3 тармағына сәйкес кінәлі деп танылған Э.Д. есімді азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды. Ол өңірлік Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде жазасын өтеген еді. Мекеме қызметкерлері еркіндікке қол жеткізген азаматқа мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жөнінде кеңінен айтып, оның алдағы уақытта қылмыс жасамауы үшін тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.