Жаңалықтар

Британдық оқушылар мектепке оралды

Британдық оқушылар мектепке оралды

  Германияда спорт залдары қайта ашылды, Франция вакцинаның қарқынын күрт арттырды, ал британдық мектеп оқушылары парталарына қайта оралып жатыр. Бірқатар Еуропа елдері пандемияға байланысты жағдайдың біртіндеп тұрақталатынын жариялайды. Германиядағы кейбір федералды жерлерде спорт залдары қайта жұмыс жасай бастады. Биліктің айтуынша, елдегі Covid-19 жағдайы «тұрақтанды» – 100 мың тұрғынға шаққанда инфекцияның шамамен 50 жағдайы келеді. Коронавирустың өлім деңгейі төмендеді. Реанимациядағы пациенттердің саны да азайып келеді. «Әрине, бұл жаңалық қатты қуантты. Өйткені үш ай бойы үйде жаттығып, жүгіргеннен кейін спорт залдардың ашылуы кәдімгідей жақсы болды. Әлі де маска тағу сияқты шектеулердің болғанына қарамастан, еркін тыныстайтын болдық», – дейді еуропалықтар. Вакциналаудың баяу басталғаны үшін сынға ұшыраған Франция билігі оның қарқынын күрт жеделдетті. Елде тіпті сенбі күндері жұмыс істейтін жүздеген вакциналау орталықтары ашылды. Онда төрт ірі әскери аурухана қайта жабдықталды.