Соңғы 20 жылдан бірі Қазақстандағы мектеп түлектерінің басты білім барометрі болып келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеу бірер жылда түбегейлі жаңғырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
ETS ұйымының жаһандық тәжірибесі мен заманауи әдістері негізінде дайындалатын тестілер қазақстандық түлектердің халықаралық стандарттарға сай білімін анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйе тек академиялық білімді емес, өмір мен кәсіби қызметте қажет негізгі дағдыларды да бағалауға бағытталмақ.
Тест сұрақтарының жаңа моделі дағдыларды дамытуға, кәсіби табысқа екпін береді. ETS жасанды интеллект пен психометриялық әдістерді қолдана отырып, бағалау сапасы мен ашықтығын арттырмақ. Сонымен қатар қазақстандық мамандар ETS зерттеу тағылымдамаларына қатысып, халықаралық тәжірибе жинайды.
Біз ең алдымен жүйені зерттеуден бастаймыз. Елдің академиялық тұрғыда ілгерілеуін қалай өлшеуді қалайтынын білу үшін көптеген мүдделі тараптарды тыңдап, олармен сөйлесеміз. Біз бағалау ұйымымыз және біздің негізгі бағытымыз зерттеу мен ғылым. Алдымен қандай қажеттіліктер бар екенін түсініп, Қазақстан үшін бірлескен шешімдерді қалай жасай алатынымызды анықтағымыз келеді. Біз жұмысты жақын арада бастаймыз, деді ETS бас директоры Амит Севак
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Келесі үш жылда ETS ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа әдістемесін ұсынады және біздің тест құрастыратын, жинақтайтын ғалымдарымызды оқытады.





