Жаңалықтар

ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл баласына көлік сыйлады

Еңсебек Жаннұр қуанышты хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірде-бір сұрағынан мүдірмей, максималды балл жинаған Еңсебек Жаннұр темір тұлпарға ие болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Еңсебек Жаннұрға темір тұлпарды білімін шыңдап, ҰБТ дайындаған
"Juz40" білім беру орталығы сыйға тарту еткен. 

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеуде рекорд орнатып, 140 балл жинаған  Еңсебек Жаннұр Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі.