Бурабайда балалар лагерінде 11 жасар оқушы сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшырады
Бурабайда балалар лагерінде 11 жасар оқушы сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшырады
Ақмола облысының Бурабай ауданындағы балалар лагерінде 11 жасар ұлға сексуалдық сипаттағы іс-әрекет жасаған екі жасөспірімге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай ауданының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны шағымданған. Айтуынша, аудан аумағындағы әскери-спорт лагерьлердің бірінде 11 жасар ұлына кәмелет жасына толмаған екі жасөспірім сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасаған. «Қазіргі уақытта осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның шеңберінде заңды өкілдердің және өзге де құзыретті тұлғалардың қатысуымен кәмелетке толмағандардан сауалнама алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл қылмыстық істі тергеу барысы ерекше бақылауда. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деді ведомстводан. Айта кетсек, зорлық-зомбылық көрген баланың ата-анасы көмек сұрап «НеМолчи» қорына жүгінген. Бұл жайында құқық қорғаушы Дина Смаилова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялған болатын.