Жаңалықтар

Бурабайдағы танымал қонақ үйдің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды

Бурабайдағы танымал қонақ үйдің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды

Ақмола облысы Бурабайдағы танымал қонақ үйдің тамақтан уланған 17 қызметшісінің 7-еуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды 716.kz «Қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық», - деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.  Қазіргі уақытта қонақ үй мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Көкшетау қаласы жұқпалы аурулар орталығы мамандарының айтуынша, инфекция жұқтырып, ауруханаға жатқызылған науқастардың саны тоғызға жеткен.