Жаңалықтар

Былтыр 3 мыңнан астам ер адам декретке шыққан

Былтыр 3 мыңнан астам ер адам декретке шыққан

Өткен жылы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 3 мыңнан астам ер адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлім етті. «1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем ата-ананың біреуіне ғана тағайындалады. Яғни не әкесінің атына не болмаса анасының атына. Ал нақты бала күтімімен кім айналысады оны ата-ананың өздері шешеді», – деді Нұрсұлу Кемел орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Қор басшысының айтуынша, былтыр елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 385 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. «Оның ішінде 3 мыңнан астамы – ер адамдар. Демек әлеуметтік төлем баланың әкесіне төленді», – дейді ол. Спикер келтірген мәліметке сәйкес бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем мөлшері ата-ананың соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40% құрайды. Егер екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. Дереккөз: Қазақпарат сайтынан