Жаңалықтар

Былтыр атмосфераға 2,4 млн тонна ластаушы зат шығарылған

Былтыр атмосфераға 2,4 млн тонна ластаушы зат шығарылған

Қазақстанның атмосферасына шығарылған зиянды заттардың жартысынан астамы Павлодар мен Қарағанды облыстарының кәсіпорындарына тиесілі. Бұл туралы Jambylinfo Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «2021 жылы бүкіл стационарлық көздерден шығарылған ластаушы заттардың жалпы көлемі 34,3 млн тонна болды. Аталған көлемнің 31,9 млн тоннасы немесе 93%-ы сүзіліп, заласыздандырылды. Яғни, 2021 жылы Қазақстан атмосферасын 2,4 млн тонна шығарынды ластады деген сөз. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,4% аз»,- деп жазады ресурс. Energyprom.kz-тің талдауына сүйенсек, ауаға тасталған лаутаушызаттардың жартысынан астамы Павлодар және Қарағанды облыстарындағы кәсіпорындарға тиесілі. «Павлодар облысында 736,2 мың тонна, Қарағанды облысында 569,7 мың тонна ластаушы зат атмосфераға шығарылған. Сондай-ақ Атырау (160,3 мың тонна), Қостанай (137,9 мың тонна), Ақтөбе (137,4 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (128,1 мың тонна) областарында шығарындылардың көлемі ауқымды», - деп жазылған материалда. Сала бойынша айтсақ, ауаға шығарылған 2,4 млн заттың 2,1 млн тоннасы өнеркәсіпке тиесілі. Соның ішінде жылу мен энергия өндіруші кәсіпорындардың ластау көрсеткіші орасан – 945,2 мың тонна. Одан кейінгі орында өңдеу өнеркәсібі – 728,1 мың тонна. Үшінші орында тау-кен өнеркәсібі – 356,6 мың тонна. Айта кетейік, жыл басында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті елдегі атмосфераның ластануы жоғары қалаларды атаған болатын.