Былтыр балалар арасында суицидтің 155 фактісі тіркелді
Былтыр балалар арасында суицидтің 155 фактісі тіркелді
Өткен жылы балаларға қатысты жыныстық сипаттағы 719 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2022 жылы балаларға қатысты 2 005 қылмыс жасалған. Оның ішінде жыныстық сипаттағы қылмыстар саны – 719. Бұған қоса, балалар арасында жасалған суицидтің 155 жағдайы тіркелді», - делінген құжатта. Сонымен қатар өткен жылы министрлік республика бойынша балалардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жүргізген. Оның нәтижесінде бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің әл-ауқат деңгейі орта есеппен 55,3 бал болды. Әсіресе, Қостанай (49,7 балл), Батыс Қазақстан (47,4 балл) және Ақмола (43,8 балл) облыстары балалар үшін әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз өңірлер деп танылды.