Жаңалықтар

ӘЧ-2022: Катар алғашқы матчта Эквадордан ұтылды

ӘЧ-2022: Катар алғашқы матчта Эквадордан ұтылды

Катар құрамасы футболдан әлем чемпионатының ашылуында Эквадордан 0:2 есебімен ұтылды. Мундиалдың алғашқы матчы Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында болды. Кездесудегі екі доп та қақпаға бірінші таймда соғылды. Эквадорлықтар 3-минутта есеп ашқан еді. Бірақ алаңдағы арбитр офсайд болды деген есептемей тастады. Бұдан кейінгі бірінші гол пенальтиден салынды. Матчтың 16-минутында өзімен бетпе-бет шыққан Эквадор құрамасының шабуылшысы Эннер Валенсияны катарлық қақпашы өз айып алаңында екі қолымен аяғынан ұстап құлатты. Осы үшін белгіленген он бір метрлік айып добын форвардтың өзі соқты. Арада тағы 15 минут өткеннен кейін Валенсия дубль жасады. Бұл жолы ол қақпашы алаңына қарай алыстан берілген допқа басын тоса қойып, оны тордан бір-ақ шығарды. [caption id="attachment_38736" align="alignnone" width="1920"] width= Ecuador's Enner Valencia, right, celebrates after scoring his second goal during the World Cup, group A soccer match between Qatar and Ecuador at the Al Bayt Stadium in Al Khor, Sunday, Nov. 20, 2022. (AP Photo/Natacha Pisarenko)[/caption]