жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ӘЧ-2022: Криштиану Роналду рекорд жаңартты

ӘЧ-2022: Криштиану Роналду рекорд жаңартты
ашық дереккөзі
ӘЧ-2022: Криштиану Роналду рекорд жаңартты
Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рет рекорд жаңартты. Ол бес рет әлем чемпионатына қатысып, бесеуінде де гол салған тұңғыш ойыншы атанды. Биылғы додада Португалия мен Гана матчында 65-минутта 11 метрлік айып добын саларда қақпаны дәл көздеді. Осы кездесуде футболшы матчтың үздік ойыншысы атанып, ұлттық құрамасы сапындағы 112-голын салды. Бұған дейін шабуылшы 2006, 2010, 2014 және 2018 жылғы әлем чемпионаттарында мергендігімен көзге түскен еді. Сондай-ақ Роналду әлем чемпионатында еркін агент ретінде гол салған екінші ойыншы болды. Ол әлемдік доданың алдында Англияның «Манчестер юнайтед» клубымен қош айтысқан болатын. Криштиану Роналдудың Еуропа чемпионаттарында 14 гол соққан ең мерген ойыншы деген атағы да бар.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар