Жаңалықтар
Чехия тұрғындарына бірден екі маска тағу міндеттелді
- авторjambylinfo.kz
- 23 ақпан, 2021
- 237
Чехия тұрғындарына бірден екі маска тағу міндеттелді
Чехия тұрғындары барлық қоғамдық орында бірден екі медициналық маска немесе арнайы респиратор тағуға міндеттелді, - деп хабарлайды Expats.cz.
Чехияның денсаулық сақтау министрі Ян Блатны енді ел тұрғындарына дүкендерде, қоғамдық көліктерде және ауруханаларда FFP2 респираторларын тағу міндетті болатынын айтты.
ЧР билігі бұл шешімді елдегі коронавирус жағдайының нашарлауына және ұлыбританиялық штамның тарауына байланысты қабылдады.
"Соңғы бірнеше күнде Чехияда COVID-19 жағдайы одан әрі нашарлады. Сондықтан адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрғындар FFP2 типті респираторды немесе бірден екі хирургиялық масканы тағуы керек. Мата бептерделер енді қорғаныс құралы саналмайды", - деді министр.
Сондай-ақ, өнеркәсіп және сауда министрі Карел Гавличек Чехия үкіметі барлық бөлшек сауда дүкеніне жұмысын қайта бастауға рұқсат бермегенін, өйткені елдегі коронавирус жағдайы тұрақсыз екенін мәлімдеді. Әлеуметтік қашықтық қатаң сақталатын кей дүкендер ғана ашық.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
"Әлеуметтік әмиян" 2022 жылы қолданысқа енгізіледі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024