Жаңалықтар

Черногория қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режим енгізді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, Черногория Үкіметі 2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осылайша, қазақстандықтар осы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады.

Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет.