жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Цифрлық әлемдегі қылмыстар: интернет алаяқтарының әрекеттері

Цифрлық әлемдегі қылмыстар: интернет алаяқтарының әрекеттері
Pixabay.com
Интернет-алаяқтық – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі

Қазіргі заманда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, көптеген қызмет пен ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алайда цифрлық кеңістікте қауіптер де күшейіп отыр. Интернет-алаяқтық – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл қылмыстар көбінесе азаматтардың сенгіштігі мен қаржылық қауіпсіздік негіздерін білмеуінен туындайды.

Интернет-алаяқтар әртүрлі әдістерді қолданады: банк қызметкері атанып, жалған ақпарат беруден бастап, онлайн жарнама немесе несие рәсімдеу арқылы қаражатты ұрлауға дейін. Жаңа алаяқтық түрлері пайда болып, кейде қылмыстық әрекеттер заңды кәсіпкерлік түрінде бүркемеленеді. Сонымен қатар, адамдардың туыстық немесе жақындарға көмектесуге бейімділігі де алаяқтардың әрекеттерін тиімді етеді.

Осы қауіптерден қорғанудың маңызды жолы – «Цифрлық гигиена». Бұл жеке деректерді, қаржыны және психикалық денсаулықты киберқауіптерден қорғауға көмектесетін интернет пен электрондық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану ережелері мен дағдыларының жиынтығы. Оның ең басты бөлігі – жеке ақпаратты сақтау.

– Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық қылмыстардың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар жүргізуде. Интернет-алаяқтықтың басым бөлігі азаматтардың сенгіштігі мен қаржылық қауіпсіздіктің қарапайым негіздерін білмеуінен туындайды. Бұған қоса, жаңа алаяқтық түрлерінің пайда болуы, қылмыстық әрекеттердің заңды кәсіпкерлік түрінде бүркемеленуі, азаматтарымыздың туыстық пен жақынға көмектесуге бейімділігі сияқты факторлар да әсер етеді. Сондықтан «Цифрлық гигиенаға» мұқият болған абзал. Цифрлық гигиена – жеке деректерді, қаржыны және психикалық денсаулықты киберқауіптерден қорғауға көмектесетіне интернет пен электрондық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану ережелері мен дағдыларының жиынтығы. Цифрлық гигиенаның ең маңызды бөлігі – жеке деректерді қорғау. Күрделі құпиясөздерді қолдану, көпфакторлы аутентификация және әлеуметтік желілердегі жекеқұпиялылық баптауларын жүйелі түрде тексеру ақпараттың ұрлану немесе бұзылу қаупін азайтады. Бұл дағдылардың негізгі қағидаттары мен ережелері күрделі емес және оларды есте сақтау оңай. Атап айтқанда, әрбір азамат интернеттегі ақпараттың маңыздылығын түсініп, құпиясөздерге жауапкершілікпен қарап, киберқауіптерге саналы түрде мән беріп, бағдарламаларды үнемі жаңартып, жеке құпиялылығын сақтап, бейтаныс «Wi-Fi» желілерінен сақ болып, балаларды ата-аналық бақылаумен қамтамасыз етіп, заманауи қорғаныс бағдарламаларын пайдалануы қажет, – деген Руслан Касимов қаржылық мониторинг органдарының тергеу құзыретіне кіретін істердің көпшілігінде азаматтардың жеке деректері пайдаланылатын жеткізді.

Күрделі құпиясөздер қолдану, көпфакторлы аутентификация, әлеуметтік желілердегі жекеқұпиялылық баптауларын жүйелі тексеру ақпараттың ұрлану немесе бұзылу қаупін азайтады. Бұл дағдылар күрделі емес, және оларды күнделікті өмірде есте сақтау оңай. Әр азамат интернеттегі ақпараттың маңыздылығын түсініп, құпиясөздерге жауапкершілікпен қарап, киберқауіптерге саналы түрде мән беруі қажет. Сонымен қатар бағдарламаларды үнемі жаңартып, жеке құпиялылықты сақтап, бейтаныс Wi-Fi желілерінен сақ болып, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін ата-аналық бақылаумен қамтамасыз ету маңызды. Заманауи қорғаныс бағдарламаларын пайдалану да цифрлық қауіптерден қорғанудың тиімді жолдарының бірі.

Қорытындылай келе, интернет-алаяқтықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Азаматтардың саналы әрекеті, цифрлық сауаттылығы және қауіпсіздік шараларын орындауы – цифрлық әлемде сенімді және қауіпсіз өмір сүрудің негізгі кепілі.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар