сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 19:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық сервис іске қосылды

«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық сервис іске қосылды
Фото: istockphoto.com
Сервисті пайдалану үшін "ЦОН" мобильді қосымшасында ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуын дамыту және азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа «Сенімхат рәсімдеу» сервисін енгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді азаматтар мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сенімхаттарды онлайн форматта рәсімдей алады. Қызметке дайын құжаттарды алу, көлік құралдарын тіркеу немесе есептен шығару, техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірлік белгіні ауыстыру немесе олардың электронды нұсқасын алу кіреді. Барлық үдеріс бірнеше минут ішінде жүзеге асады, ал сенімхат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы заңды күшке ие болады.

«Бұл сервис мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам. Азаматтар құжаттарды жылдам, қауіпсіз әрі ыңғайлы ала алады, алаяқтық және үшінші тұлғалардың араласу қаупі азаяды», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Электронды сенімхат үшінші тұлғаларға құжаттарды беру қажеттілігін жояды және заңсыз әрекеттердің алдын алады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тікелей байланыс деректердің дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.

 Қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді. Қызмет құны – бір сенімхатқа 500 теңге.

Жаңа цифрлық сервис Қазақстан азаматтары үшін мемлекеттік қызметтердің қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар