Цой: Қазақстанда вакцина салдырғандарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылады
Цой: Қазақстанда вакцина салдырғандарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырғандар үшін кейбір шектеулер алынып тасталатынын айтты. Бас санитарлық дәрігедің қаулысымен көптеген жеңілдіктер қарастырылуда.
Сонымен қатар, министр вакцина салдырғандардың қай санатынан ПТР тест нәтижесі талап етілмейтінін айтты. "Вахтаға келген қызметкерлерден, медициналық-әлеуметтік мекемеде рәсімдеу және емделуге жатқызу кезінде науқастардан, мерзімді әскери қызметке шақырылғандардан және мерзімді әскери қызметтен кейін демобилизацияланғандардан, ҚАЖ мекемелеріне түскендерден, топтасқан ұжымдарға баратын адамдардан, ауруға байланысты жұмыс орнында болмаған немесе демалыс, іссапардан келген медицина қызметкерлерінен, тәжірибе алдында медициналық ЖОО мен медицина колледжі студенттерінен ПТР тестілеу нәтижелері талап етілмейді", - деп мәлімдеді министр.