Жаңалықтар

Дүмпу қайталануы мүмкін: Жер сілкінгенде не істеу керек?

Дүмпу қайталануы мүмкін: Жер сілкінгенде не істеу керек?

Алматы қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындарын үрейленбеуге, тыныштық сақтауға және бірнеше ережені сақтауға үндеді. Жер сілкенгенде істеуіңіз және істемеуіңіз керек әрекеттер: дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз; жиһаздан, терезеден, люстралардан алыс тұрыңыз; тығылатын сенімді жер табыңыз; жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберістегі есіктің ойығынан немесе қабырғалардың бұрышынан орын табыңыз; бірінші, екінші қабатта болсаңыз, тезірек ғимараттан шығып кетіңіз; бөлмеден, көп қабатты үйлерден дүмпу тоқтағаннан кейін ғана шығыңыз;  суды, газды, электр қуатын өшіріңіз; дабыл кезіндегі сөмкеңізді алыңыз (алдын ала дайындалған); электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз; дүмпу қайталануы мүмкін, дайын болыңыз; қарттарға, мүгедектігі бар азаматтарға көмектесіңіз.