Жаңалықтар

Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

Сүйінші!!! Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті 🥇Ерлер арасындағы биатлоннан 10 шақырымдық спринтте отандасымыз Бекентай Тұрлыбеков алтыннан алқа тақты. Бекентайдың уақыт көрсеткіші - 27:51,5 мин. 🥈Күміс жүлде АҚШ спортшысы Бьорн Вестервельтке бұйырды. Бьорн 27:59,8 минутта мәре сызығын қиды. 🥉Қола жүлдені тағы бір отандасымыз Александр Мухин еншіледі. Александр 28:13,7 минутта мәреге жетіп, қола медальды жеңіп алды. Сонымен қатар отандастарымыз Кирилл Бауэр мен Вадим Куралес төртінші және бесінші болып мәреге жетті. 🇰🇿Құтты болсын, Қазақ елі!