Жаңалықтар

«Дәрібаевтар» отбасылық ансамблінің негізін қалаған Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды

Қаралы хабарлы композитор, журналист Бекжігіт Сердәлі хабарлады

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар  «Дәрібаевтар ансамблінің жетекшісі әрі солисті Ибрагим Дәрібаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, Ибрагим Дәрібаев 1959жылы ОҚО Ленгір ауданы Ақбастау ауылында туған. 1977-81 ж. КазХТИ механика мамандығын оқыды. 2008 ж. Қаскелең музыка колледжін Халық аспаптар оркестрі мамандығы бойынша білім алған. Марқұм "Дәрібаевтар" отбасылық ансамблін 1990 жылы Шымкент қаласында құрған. 1991 ж. "Жас Қанат" конкурсының дипломанты. 1993 ж. "Отбасылық" ансамбльдер конкурсының жеңімпазы. 2006 жылдан бері "Дәрібаевтар" ансамблі Алматыға қоныс аударып, өз өнерлерін халыққа көрсетіп келе жатыр.