Жаңалықтар

Дәрігер-интерн адам өмірін құтқарып қалды

Әуе компаниясында төтенше жағдай орын алды

Дәрігер-интерн адам өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Qazaq Air әуе компаниясының Қызылорда-Астана бағытындағы рейсінде төтенше жағдай орын алды. Ұшу барысында бір жолаушы кенет есінен танып, жүрегі мен тынысы тоқтаған.

Алайда, дәл сол сәтте ұшақта болған Астана медицина университетінің интерн-дәрігері Дінмұхаммед жедел әрекет етіп, жүрек-өкпе реанимациясын уақытылы жасап, ер адамның өмірін сақтап қалды. Ол науқасқа ұшақ қонғанға дейін кәсіби көмек көрсетті. Бұл оқиға дәрігер мамандығының маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді.