дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәрігерлер қыста қарды күрекпен тазалаудың денсаулыққа зияны туралы айтты

Дәрігерлер қыста қарды күрекпен тазалаудың денсаулыққа зияны туралы айтты
ашық дереккөзі
Дәрігерлер қыста қарды күрекпен тазалаудың денсаулыққа зияны туралы айтты
Үйінің алдында ауласы бар адамдар қыста қар тазалап әлекке түседі. Дәрігерлер қыста денсаулыққа зиян тимес үшін жылы киініп қана қоймай, қар тазалау кезінде асықпауды да ұсынды, - деп хабарлайды  Massaget.kz тілшісі - ге сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, адамдар жолды қардан тазалаудың денсаулыққа тигізер зияны бар екенін біле бермейді. "Қыста қар тазалау секілді белсенділік жүрекке қосымша күш түсіреді. Жүрегі ауыратын адамдар мұндай жұмыс істемегені абзал", - деді дәрігерлер. Күрекпен қар тазалаған кезде жүрек қан тамырларына физиологиялық және психологиялық жүктеме түседі. Ал сыртта ауа температурасы төмен, суық болса, қан тамырлар тарылып, қан қысымы көтеріледі. Кейбір адамдар шаршағанына қарамастан, қар тазалауды жалғастыра береді, бұл қауіпті. "Егер сіз физикалық тұрғыдан белсенді болмасаңыз, оған қоса жүрегіңіз ауыратын болса, қолға күрек алып ауыр жұмыс істемес бұрын дәрігер кеңесін алу керек", - деп ескертті мамандар. Сонымен қатар, қарды темекі шегіп жүріп, тамақтанғаннан немесе бір шыны күшті кофе ішкеннен кейін бірден тазаламау керек, өйткені бұл жүрекке қосымша күш түсіреді. Осы себепті дәрігерлер күрекпен қар тазалау кезінде көп су ішіп, асықпай, үзіліс жасауды ұсынды. Айта кетейік, бұған дейін дәрігер "қыста бас киімсіз жүру менингитке шалдығу қаупін арттыра ма?" деген сұраққа жауап берген болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар