дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәрігерлерден көмек күткен бала ақыры комаға түсті

Дәрігерлерден көмек күткен бала ақыры комаға түсті
Сурет ашық дерекөзден алынды
Журналист Гүлбану Әниятқызы жеке парақшасында таң атпай шырылдап қоңырау соққан кісі балабақшаның екінші қабатынан немересінің құлағаны туралы айтқан, деп хабарлайды «jambylinfo.kz».

Оқиға Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ақсу ауылындағы балабақшасында орын алған. Баланың жілігі сынған, бас сүйегі жарақаттанған. Жедел жәрдем көлігі бұзылып қалып, дәрігер жаяу келіп, алғашқы көмек көрсетіп, баланың жарақатын таңып берген. Бір таңқаларлығы балабақша медбикесі жедел жәрдем мен полиция шақырудың орнына, құлаған баланың ата-анасына: «Ұлжан, қайдасыңдар? Ерасылды алып кетіңдер! Келіп Шортандыға апарып қаратыңдар. Қазір Альбина көтеріп тұр, срочно келіп, алып кетіңдер» деп жайбарақат аудиохабарлама жіберген. Баланың отбасы көлік тауып, Шортанды аудандық ауруханасына апарғанымен, қансырап жатқан баланы «бас дәрігер жоқ» деп 40 минут қабылдамаған. Дәрігерлерден қайран болмаған соң, баланы  өз көлігімен Астанаға жеткізіпті. Көп қан жоғалтқан бала қазір комада… Ерасылдың сынған аяғына отаны екі-үш күннен кейін жасайды. Себебі дәрігерлер көп қан жоғалтқан баланың алдымен миын сақтап қалу керектігін айтыпты.

Гүлбану Әниятқызы баланың анасының рұқсатымен, жеке парақшасына бала терезеден құлардан жарты сағат бұрын балабақшада ойнап жүрген видеосын жариялаған. Сол видеода Ерасыл өзге бүлдіршіндерге қосылмай, терезе алдында тұр. Екі жасар балаға бұрын зпр диагнозы қойылған екен, сол диагнозының салдарынан бала өзге балаларға қосылмай, оқшауланып жүрген. Терезеден қарап тұрғанда москит сеткасы құлап, бала содан ұшып кеткен. Алайда балаларды ойнатып тұрған тәрбиеші топқа қосылмай, жападан жалғыз терезеден сыртқа үңіліп тұрған балаға көңіл де бөлмегені қынжылтады. Сол тәрбиеші екінші қабаттың терезесінен сыртқа үңіліп тұрған балаға көңіл аударғанда, осы оқиға да орын алмас еді...

 

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар