Жаңалықтар

Дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 531 мың теңгеге көтеріледі

Дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 531 мың теңгеге көтеріледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатында айтты. «Келесі жылы дәрігерлерге жалақыны орташа есеппен 531 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналына 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін және медицина қызметкерлерінің мәртебесін сақтандыру жүйесін енгізу үшін тиісті заң жобасы әзірленді. Ол Мәжіліске енгізілді, депутаттардың қарауында», - деді министр.