Дәуітбаевтың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі- Министірлік
Дәуітбаевтың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі- Министірлік
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына жерлеу шығындары, атқаратын лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алу үшін төлем қарастырылған. Оның мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты болады. Сонымен қатар марқұмның балаларын оқытуға және жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі, - делінген министрлік таратқан ақпаратта. Қарулы күштердің жеке құрамы орны толмас шығынға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтты. Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылғаны хабарланды.