Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды: адвокаттар 25 миллион теңге сұрап отыр

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды: адвокаттар 25 миллион теңге сұрап отыр

Қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат жанжал болған күні әскери жарғыны бұзып, қалаға қашып кеткен, деп хабарлады «КТК» телеарнасы.

Соққыдан есін жоғалтқан Анна Чернова екі ай өтсе де, тамағын дұрыстап іше алмай қиналып жүр. Төбелесте жағы мен иығын жарақаттаған әйел енді сотта моральдық шығын ретінде 25 миллион теңге сұрамақшы. Жәбірленуші тарап бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлапты. Келеңсіз жайт «тиіспе» деген бір ауыз сөзден басталған екен. Спортшының ұлы бір қызды жұлқылап жатқанын көріп, араша түскен ерлі-зайыпты таяқ жеп қалған. Сондықтан олар ақша бергеннің өзінде айыпталушы тараппен татуласпаймыз, кімнің баласы болса да, заң алдында тиісті жазасын алу керек деп отыр.