Дүйім жұртқа қайғыра көңіл айтамын – Димаш Құдайберген
Дүйім жұртқа қайғыра көңіл айтамын – Димаш Құдайберген
Әнші Димаш Құдайберген Абай облысындағы алапат өртте орманшылардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпапрат. «Семей орманы» табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алапат өрт тезірек тоқтасын!», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған 14 орманшы қаза болды. Барлығы мемлекеттік наградаға ұсынылды. Семей орманындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 10 маусым күні түсте жалын шарпыған аумақ 60 мың гектардан асып кеткені хабарланды. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды. Мемлекет басшысы орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездесті. 12 маусым Семей орманындағы алапат өрттен қаза болғандарды аза тұту күні болып жарияланды. Бүгін Абай облысының полициясы тракторымен өрт сөндіруге кеткен тағы бір адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.