
Қазақстан аумағына циклондар мен ағындар әсер етуді жалғастырады. Соның салдарынан көптеген өңірде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жауын-шашын жауғанына қарамастан, температура жоғарылап, солтүстік аймақтарда да күн жылына бастайды.
Солтүстік және орталық өңірлерде қар немесе жаңбыр жауып, бұрқасын соғуы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыста күн ашық болады.
Еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты, күндіз ауа температурасы +1+1°C, желдің жылдамдығы 9-14м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +13+15°C, желдің жылдамдығы 2-7м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +11+13°C, желдің жылдамдығы 8-13м/с, күндіз екпіні 15-20м/с-ге жетеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз