Жаңалықтар

Дүйсенова салафизм, вахабизм ағымдарына қарсы күрес қай бағытта жүретінін айтып берді

Дүйсенова салафизм, вахабизм ағымдарына қарсы күрес қай бағытта жүретінін айтып берді

Депутат Ермұрат Бапи Мәжіліс төрінде тағы да жат ағымдармен күрес мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ермұрат Бапи сөз алдында өткен аптада үш депутат осы мәселе бойынша Үкіметке сауал жолдағанын еске салды.

Ермұрат Бапидің айтуынша, депуаттар қаққан дабылды қоғамда «бұлар Ислам дініне қарсы шықты» деп әлдекімдер әлеуметтік желіде «Ринаттың 80 пайызы» сияқты өңін айналдырып, дабыра салып жүр. Депутат «біз Исламға және елдегі дәстүрлі мәзхабқа қарсы емеспіз» деп ескертті.

Бұл сұраққа жауап берген Тамара Дүйсенова концептуалдық құжаттар жайлы сөз қозғап, 2011 жылы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң қабылданғанын айтады. Сол заңды орындау үшін соңғы бес жылда үш концептуалды құжат қолға алынған.

Вице-премьер әлеуметтік желілерде әртүрлі діндерді, бағыттарды уағыздайтын контенттерге тосқауыл қоя алмай отырғандарын мойындады.

Өз кезегінде Ерлан Қошанов Үкіметтен нақты шешім мен жауап күтетітінін айтты.