Дабыл қосылмады. Бұл дұрыс шешім болды - Тоқаев
"Әйтпесе, қалада дүрбелең туындайтын еді. Азаматтар "Үйге оралуға бола ма?", "Қайдан көмек алуға болады?" деген сауалдарға жауап алуы керек. Сондықтан құлақтандыру жүйесін қайта қарап, оны барынша нақты қажеттілікке бейімдеу қажет", - деді президент Алматыдағы жиында.
Алматыда жер сілкінісі кезінде SMS-хабарламалар тым кеш келді. Сондай-ақ дүмпу кезінде байбалам салып, жалған ақпарат таратқандар болды.
Тоқаев жұртты әдейі дүрліктірген адамдарды заңға сәйкес жазаға тарту қажет екенін айтты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала