DAMUMED қызметтері бойынша заңбұзушылық анықталды
Қазіргі уақытта "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы ЖШС айыппұлды толық көлемде өтеді.
Астанада "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру аяқталды, нәтижесінде Damumed жүйесінен заңнама бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.