Жаңалықтар

«Damumed» жүйесіне заңсыз кірген екі адам 1 млн теңгеден аса айыппұл арқалады

Олар ДСМ-ның ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

30 қаңтарда Талдықорған қаласының соты оларды Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Сот шешімімен оларға 1 179 600 теңге (300 АЕК) айыппұл салынды.