Дания әйелдер үшін міндетті әскери қызмет енгізеді
- авторjambylinfo.kz
- 27 наурыз, 2025
- 295

Енді 18 жасқа толған дат әйелдері 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап әскери қызметке шақырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл өзгеріс бастапқы жоспардан ерте жүзеге аспақ, деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен.
"Қазіргі қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы жағдайды ескерсек, қарулы күштерге жаңа сарбаздарды көптеп тарту қажет", – деді министр.
Оның айтуынша, әйелдер мен ерлерге тең талап қойып, әскери міндеттілікті бірдей ету маңызды қадам болмақ. Бұрын дат әйелдерін әскери қызметке шақыру 2027 жылға жоспарланған еді, бірақ енді бұл мерзім екі жылға қысқартылды.
Сонымен қатар, міндетті әскери қызметтің ұзақтығы 4 айдан 11 айға дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда Данияда әйелдер тек ерікті түрде ғана әскер қатарына қосылады.
Елде әскерге шақыру лотерея жүйесі арқылы жүргізіледі, бұл ерікті түрде келетін сарбаздар санының жеткіліксіздігін өтеуге көмектеседі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз