Жаңалықтар

Данияр Елеусінов үш жылдық үзілістен соң шаршы алаңға қайта шығады

Қазақстандық боксшы қыркүйек айында кезекті жекпе-жегін өткізеді

Данияр Елеусінов шарша алаңға қайта оралды. Боксшының алдағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

All Stars Boxing компаниясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша боксшы 28 қыркүйекте рингке шығады. 

–Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қолғап түйістіреді. Турнир 28 қыркүйекте Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді, - деп хабарлады компания өкілдері. 

Еске салайық жерлесіміз кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында өткізген.