Жаңалықтар

Данияр Елеусінов титулынан айрылып қалуына менеджерлерін кінәлады

Данияр Елеусінов титулынан айрылып қалуына менеджерлерін кінәлады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер өзінің мансабын құртты деп санайды. Бұл туралы meta-ratings.kz хабарлады. Қазір 31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, Данияр Елеусінов кейінгі 2 жылда бір-ақ рет жұдырықтасқан. Бірақ бұл чемпиондық жекпе-жек болды. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионатының белбеуін иеленіп, содан кейін оны қорғау жекпе-жегінің жоқтығына байланысты титулынан айрылып қалды.

Ол өзінің кейінгі кездесуінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-3, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.