Жаңалықтар
Дархан Қыдырәлі «Қазақстан» телерадиокопорациясының медиамектебін академия дәрежесіне көтеруді ұсынды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қыркүйек, 2022
- 170
Дархан Қыдырәлі «Қазақстан» телерадиокопорациясының медиамектебін академия дәрежесіне көтеруді ұсынды
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымымен кездесуде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Корпорацияның студенттерге арналған медиамектебін академия дәрежесіне көтеруді ұсынды.
Отандық ақпарат кеңістігінде телерадиоарналар жанынан құрылған тұңғыш республикалық медиамектеп жұмысын өткен жылы бастаған болатын. 7 ай мерзім аралығында медиамектепте қазақстандық ЖОО-ның журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті ақысыз негізде практикалық білім алып шықты.
Медиамектептің мақсаты – жас журналистердің бойына «Қазақстан» телерадиокорпорациясының, ондағы қызмет атқаратын мамандардың ұлттық телевизия мен радионы дамыту жолындағы құнды тәжірибесін сіңіре отырып, кадрлар сабақтастығын жалғау, еліміздің жоғары оқу орындарының сапалы мамандар даярлау ісіне тәжірибелік тұрғыдан атсалысу, біліммен бөлісу.
Алғашқы кезеңге қатысып, үздік нәтиже көрсеткен 30 студенттің 9-ы Корпорация құрылымдарына қызметке алынды.
«Болашақта медиамектепті академия дәрежесіне көтеріп, тек студенттер емес, аймақтық кадрлардың біліктілігін арттыру орталығына айналдыруға мүмкіндік бар. Қазақ телевизиясының қарашаңырағы ретінде бұған мамандардың біліктілігі мен техникалық мүмкіндіктеріңіз жоғары», - деді министр Дархан Қыдырәлі.
Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай 2022 жылғы қараша айынан бастап медиамектеп жұмысын жаңаша бағытта қайта жалғастыратынын айтты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз