жұма, 27 желтоқсан, 2024 6:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды

Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті. «Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болды. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның Басқарма төрағасы лауазымына – елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым», деп жазды министр. Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тарих ғылымдарының докторы, академик (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан). 2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі. 2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған. 2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған. 2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті. 2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар