Дарынды оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін үстемақы төлейді
Дарынды оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін үстемақы төлейді
Халықаралық пәндік, мәдени және спорттық олимпиадаларда жүлделі орыннан көрінген оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін бір жолғы үстемақы беріледі. Жеңімпаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, өзі қалаған отандық ЖОО-на емтихан тапсырмай түсе алады. Олардың ұстазы мен тәлімгерлеріне де қаржылық ынталандыру көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов арнамызға берген арнайы сұхбатында айтты.