сенбі, 23 қараша, 2024 16:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Даяшы, ыдыс жуушы, фотограф": Айдана Меденова танылғанға дейін кім болғанын айтты

Даяшы, ыдыс жуушы, фотограф": Айдана Меденова танылғанға дейін кім болғанын айтты
ашық дереккөзі
Даяшы, ыдыс жуушы, фотограф": Айдана Меденова танылғанға дейін кім болғанын айтты
Айдана Меденова студент кезінде түрлі жұмыс істеп көргенін айтты. Өнер жұлдызы танымал болғанға дейін, дәмханада ыдыс жуып, даяшы болып, тіпті фотограф болып үлгерген. Бүгінде Меденоваға қызыға да, қызғана да қарайтын жұрт оған барлығы "көктен берілген" деп ойлайды. Алайда Айдана шын мәнінде түрлі қиындықты бастан өткергенін айтады Әнші 1-курста оқып жүрген кезіндегі суретін көрсетті. "Архитектура мамандығы бойынша білім алып, қосымша фотограф, сосын даяшы, ыдыс жуушы болып жұмыс істеп жүрген кезім. Университетте кей студенттерге ақшаға сурет салып беретінмін. "Сенің жолың болған" дегенді естігенде қатты күлкім келеді. Менің отбасымның басынан өткен нәрсені ешкімге тілемеймін. Аллаға шүкір, ата-анамыз біздің бойымызда еңбексүйгіштік пен өр рух қалыптастырды", - деп бөлісті Меденова.  />

Айдана сол бір шақтарды еске алғанды ұнатпайды. Алайда көпшіліктің тарапынан жазылатын сыни пікірлер мен жағымсыз жазбалар бикешке ой салса керек, әнші өмірлік тәжірибесімен бөлісуді жөн көріпті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар