Жаңалықтар

ДДСҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн доллар бөледі

ДДСҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн доллар бөледі

Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Астанада ДДCҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДCҰ Еуропалық бюросының арасында 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.