Жаңалықтар

ӘДЕБИ АГЕНТ ДЕГЕН КІМ?

ӘДЕБИ АГЕНТ ДЕГЕН КІМ?

Әдеби агент дегеніміз – жазушы мен баспа арасындағы байланысты орнатушы. Әдеби агенттің жұмысы болашағы жарқын отандық авторлар мен  туындыларды іздеп табу. Ол жазушының шығармаларының авторлық құқығын басқарады және қорғайды. Одан кейін авторға және оның туындысына сай келетін баспа іздеп тауып, екеуінің арасындағы келісімшартқа, түсетін төлемақыға тікелей жауап  береді. Демек жазушы өз шабытын тауып, тек кітап жазумен айналысады. Өкініштісі осы мамандардың елімізде жоқтығы. Заман талабын қажет ететін бұл мамандарды қазақ әдебиетіне әкелу керек деген журналистер мен жазушылар аз емес. Қазақ тілінің маржаны саналатын «Қазақ әдебиеті» газеті, Жамбыл облысының сара газеті - «Ақ жол» көтерген еді. Жазушылар одағының ойы екіге бөлініп бірі мамандық әдебиетімізді көршілес елдерге наслихаттауға қажет деп тапса, екінші бөлігі Мәдениет және ақпарат министірлігінің көрсетіп жүрген көмегін дұрыс жолға сілтесе жеткілікті деп санады. Шет елдердің тәжірибесінен мысал келтіре отырып әдеби агент маманы неліктен қажет екеніне тоқталсақ. Жазушының оқырман көңілінен табылуы жарнаманың дұрыс жүргізілуінде. Европа елдерінде кітапты арнайы топтарға бөліп сатады: барлық аты  шулы бестселлер ірі дүкенердер сөресіне жиі түседі,  ал үйде отыратын әйелдер назарын аудару үшін дәріхана, азық – түлік дүкендерінде сатылады. Салалық және ғылыми туындылар жекеменшік дүкендерге түссе, әдеби тексерістен өтіп мойындалған кітаптар кітапханада ғана болады. Ал жаңадан бастаған автордың дүниесі интернет-дүкендер арқылы оқырмандарға жетеді. АҚШ-та кейбір жазушылар оқырмандарының көптігіне қарамастан  қызықты оқиғаларын тек сайтқа жүктеумен немесе газет бетіне жариялаумен  шектелуі мүмкін. Бұл автордың қай бағытта қозғалуын білмегенінен туындайды. Аудиториясы үлкен көсемсөз иесін маман өзі тауып, әлем әдебиетіне жаңа есімдерді әкеледі. Осылай танымал болған жазушы – Нил Гейман. «A Study in Emerald» атты алғашқы әңгімесі The Star of Albion мерзімді баспасөзінде жарық көрген. Қазіргі таңда ғылыми фантастикалық шығармалары қияли бүлдіршіндердің ықыласына бөленді. Бұдан бөлек Стивен Кинг, Кассандра Клэр секілді аты шулы жазушылар да редакцияға осы мамандардың үгіт-насихатымен келген. «Ақ жол» газетінің тілшісі, Жазушылар одағының мүшесі, әдебиетіміздің таптырмас жас ақыны  Нұржан Қадірәлі әдеби агент мамандығын жақын арада қолға алу керек деген ойда:

  • Біздің әдебиетте өзекті екі тақырып бар. Бірінші – қазақ жазушыларының кітабын аудару. Екінші – әдеби агент. Жыл сайын Жазушылар одағы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі өзге мемлекеттерге отандық ақындарды таныстыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Алайда онда Америка мен Европада тұратын тек Қазақстан елшілігінің адамдары жиналып, бір кітаптың тұсауын кеседі. Ал әдеби агент автордың еңбегін ары қарай дамытуға септігін тигізеді. Мысалға, Абай атамыздың агенті болса, оның мақсаты барған жерінде автордың шығармашылығын насихаттап, дұрыс жарнама жасай білуі керек. Ақын мен жазушы тек өзінің шығармашылығымен, не идеясымен сусынданған кісі. Ол менеджментке жоқ. Осы себептен өзіміздің талант иесіне әдеби агент маманы көмекші. Әдебиетті дамытуға тек шығармашыл жандар тырысып жатыр. Ал бізге менеджерлер керек. Мысалға, Жамбыл облысында жаңа автордың кітабы жарық көрсе, ол жергілікті кітапханада шаң басып жатып қалады. Әдебиеттің баспалдағын аттаған жас жазушылар кітабын шығарады, бірақ оның сатылымын көбейте алмай әлек. Менің ойымша, бұл салада әдебиеттен хабары бар, ағылшын тілін білетін жас филолог мамандары айналысқаны жөн. Қазір банкті, университетті жарнамалап жүретін агенттер бар. Бұнымен қоғамда соңғы жылдары жастар айналысып келеді. Алаш қайраткерлерінің суретімен жейде, қойын дәптер шығарып жатыр. Шет елдермен тәжірибе алмасып, осы мамандықтың жандануын қолға алу керек. Университетте болашақ тіл мамандары, аудармашыларға осы мамандық туралы курс қосып оқытса тіптен жақсы, -дейді.

Біздің де әдебиетте Джоан Роулингтен, қорқыныштың атасы аталатын Стивен Кингтен, орыс жазушысы Борис Акунинның шығармаларынан асып түсетіндер  аз емес.  Алайда әдебиетімізде бәсекелестіктің тумауы салдарынан, әлемге мақтанып көрсетуге тұрарлық отандық жакұттарымыз көлеңкеде қалып қала бермек. Ғабит Мүсірепов атамыздың : «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде – ұлт та ұлы бола алмайды», - деген ойымен тұжырымдасақ.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

Конвергенттік журналистика мамандығының

3 курс студенті Әбдіқайымова Жанел