Жаңалықтар

Демалыс күндері оңтүстікте 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Демалыс күндері оңтүстікте 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазгидромет синоптиктері 23-25 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана үш күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде ауа температурасы аздап көтеріледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.