сенбі, 12 қазан, 2024 17:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Демеу Жадыраевтың бапкерін шетелде 10 жылға қуатын еді - Дәулет Тұрлыханов

Демеу Жадыраевтың бапкерін шетелде 10 жылға қуатын еді - Дәулет Тұрлыханов
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Тұрлыханов Астанада өткен брифинг барысында айтты

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов Парижде өткен Олимпиада ойындарына Демеу Жадыраевтың жеке бапкері неліктен бармағанын түсіндірді деп хабарлайды Jambylinfo.kz  1bol.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Тұрлыханов Астанада өткен брифинг барысында айтты.

34 жастағы Жадыраев 77 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Бірақ маңызды сында балуанның жанында жеке бапкері Боранбек Қоңыратов болған жоқ.

«Жадыраевтың бапкері Боранбек Қоңыратов – еңбек сіңірген бапкер, оның жеке бапкері. Бірақ Қазақстан чемпионаты кезінде ол жарыстың бас төрешесіне қол жұмсады. Тиісінше федерация өкілдері бұған бейжай қарамай, ол жыл соңына дейін шеттетілді. Ол не үшін жазаланғанын өте жақсы біледі. Шетелде оны 10 жылға шеттетіп немесе залға мүлде кіргізбей қоюшы еді. Егер біз бұған көз жұма қарай берсек және төрешілеріміз таяқ жеп жүрсе, онда балуандардың күресіне кім төреші болады, дұрыс па? Тәртіп болуы керек. Мұның бәрі жұрттың көзінше Спорт сарайында болған», - деді Тұрлыханов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар