Елде қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақталған жоқ.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызылша дендеп тұрған кезеңде вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін атап, ата-аналарды балаларын қорғауға шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Астанада – 81, Алматыда – 48 жағдай тіркелген. Атырау, Алматы және Қостанай облыстарының әрқайсысында – 57, Батыс Қазақстанда – 29 адамнан қызылша анықталған.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады.
Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі үшін иммундау шараларын күшейту қажет. Қазір барлық өңірде 6–10 айлық сәбилерге вакцина салынуда. Бұрын екпе алмаған 2–5 және 7–18 жас аралығындағы балалар да вакцинацияланады.


