Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі балаға хиджама жасаған емшінің әрекетіне қатысты пікір білдірді
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2023
- 285
Денсаулық сақтау министрі балаға хиджама жасаған емшінің әрекетіне қатысты пікір білдірді
Ажар Ғинияттың айтуынша, қазіргі кезде осы оқиға бойынша тексеріс басталды.
«Дәстүрлі емес медицинамен айналысатын адамдар лицензия алып, жұмыс істеуі керек. Бірақ хиджама лицензия берілетін қызмет түріне жатпайды. Қазіргі кезде комитет осы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, сосын тексеріс жүргізіледі», - деді ол.
Жаңа туған нәрестенің маңдайын тіліп, қан шығарып жатқан видео әлеуметтік желіде тараған еді. Емшінің әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз