Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі балаға хиджама жасаған емшінің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі балаға хиджама жасаған емшінің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Ажар Ғинияттың айтуынша, қазіргі кезде осы оқиға бойынша тексеріс басталды. «Дәстүрлі емес медицинамен айналысатын адамдар лицензия алып, жұмыс істеуі керек. Бірақ хиджама лицензия берілетін қызмет түріне жатпайды. Қазіргі кезде комитет осы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, сосын тексеріс жүргізіледі», - деді ол. Жаңа туған нәрестенің маңдайын тіліп, қан шығарып жатқан видео әлеуметтік желіде тараған еді. Емшінің әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды.