Денсаулық сақтау министрі депутаттардың сынынан кейін МӘМС жүйесін жақтап, оның тиімді тұстарын айтты.
Денсаулық сақтау министрі депутаттардың сынынан кейін МӘМС жүйесін жақтап, оның тиімді тұстарын айтты.
Соңғы бір жылда халықтың денсаулық жағдайы жақсарды. Өмір сүру ұзақтығы 4 жылға ұзарды, деді министр Ажар Ғиният. Қазақстанда сақтандыру медицинасы үш жылдан бері бар. Еуропа елдерінде – бірнеше онжылдықтар жүзеге асып келеді, бірақ олардың өз проблемалары бар, деп атап өтті министр. Айта кетейік кеше халық қалаулылары азаматтарға жыл бойы дәрігерлерге бармаған болса, міндетті медициналық сақтандыруға аударған жарналарының 50 пайызын қайтаруды ұсынды. Олар сондай-ақ МӘМС жүйесін енгізу , МИБ (мүлік иелері бірлестігі) сынды қате жоба деп есептейді. МӘМС – бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер жалақының 5 пайызын Медициналық сақтандыру қорына аударады.