жексенбі, 24 қараша, 2024 0:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Депутат Айдос Сарымның 2070 жылға дейін Ресейге кіруіне тыйым салынған

Депутат Айдос Сарымның 2070 жылға дейін Ресейге кіруіне тыйым салынған
ашық дереккөзі
Депутат Айдос Сарымның 2070 жылға дейін Ресейге кіруіне тыйым салынған
Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарымның 2070 жылға дейін Ресейге кіруіне тыйым салынған, деп хабарлайды Jambylinfo. Бұл туралы депутат өзінің телеграм арнасында жазды. Сарымның айтуынша, Ресеймен қатар, Беларустың сыртқы істер министрлігі де осындай шешім қабылдаған. “Тина Канделакиді Сыртқы істер министрлігі нон-грата деп жариялады. Дұрыс. Оның сөзіне мән беріп, жылап-сықтаудың қажеті жоқ. Мен өзім Ресей үшін 2070 жылға дейін нон-грата тұлғасымын. Ресейдің қауіпсіздік қызметі маған ескерту жасаған, егер осы аралықта Ресей аумағына кірсем жеті жылға дейін қылмыстық қудалауға ұшырауым мүмкін”,-дейді Айдос Сарым. Айта кетейік, бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айдос Смадияров Қазақстандағы орыс тіліне қатысты пікірін айтқан Ресей тележүргізушісі Тина Канделакидің елімізге кіруіне тыйым салынатынын мәлім еткен еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар